Арманым саған ауған, Самал соқса жағалаудан. Жүректе тербетілген, Ақ Жайығым, Ақ еркем – аңсаған ән өлкем. Жаным-ау, дара туған, Ағыстардан жаратылған. Жайықтың жағалай тал Жағасынан, Қымбаттым, Сен маған тіл қаттың.
Бір сәуле күлімдеген, Жанарыңнан дірілдеген. Мен сені балықшының, Арманынан, Жан сәулем, Іздеймін аңсаумен. Арманым саған ауған, Самал соқса жағалаудан. Жүректе тербетілген, Ақ Жайығым, Ақ еркем – Аңсаған ән өлкем.