Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

МузАрт - Ақ тілек | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру

Ақ тілек

Айналдым ән сүйер ақ тілектен
Бақытқа балап келген
Жүзіңнен нұрланған тәттілік мұң
Біздерге қанат берген
Көздерді көргенде үміт толған
Шат көңіл шарқырапты
Жүректе оянып қалыпты арман
Ақ қанат ән туады

Қайырмасы:
Дабыл қаққан шапалақпен
Жалындатқан шапағатпен
Баршаңызға бас иеміз
Мөлдір шексіз махаббатпен

Еркелеп, еркетем ерке көңіл
Бой бермес қайғы-мұңға
Сіздермен басталып ертегі өмір
Тербейді айдынында
Ән-жырға таласпыз, бәрі құштар
Нұр тұнған көздеріңнен
Біздерде тарқамас сағыныш бар
Арналар өздеріңе

Қайырмасы.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
    Нет видео
    -