Тәй — тәй басып бөпешім, жүргенің қандай Қөз қуаныш көкешім, күлгенің балдай. Аспандағы ай-күнді, аламын дейсің, Асқар таудай айбынды, боламын дейсің. Қайырмасы: Әлди әлди, ақ бөпем, Сендей сәби жоқ, көкем, Анам әкем дейсің бе, Тілің тәтті екен.
Әлди әлди, ақ еркем, Бой жетерсің сен, ертең, Мақтанышы еліңнің, Өзің бол еркем.
Баурап тәтті қылығың, ән салды жаным Менің мөлдір тұнығым, кәусәр бұлағым. Жайнап өскен жан гүлім, сенсің-ау жаным Қадамыңа ақ нұры, жаусын алланың.
Қайырмасы: Әлди әлди, ақ бөпем, Сендей сәби жоқ, көкем, Анам әкем дейсің бе, Тілің тәтті екен.
Әлди әлди, ақ еркем, Бой жетерсің сен, ертең, Мақтанышы еліңнің, Өзің бол еркем.
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2
Видео
МЕЙРАМБЕК БЕСПАЕВ - БЕСІК ЖЫРЫ Мейрамбек бауырым! Алла саған осындай дауыс, үн берген екен,соның аркасында өзіңнің ғана бөбегіңді емес, күллі қазақ бөбегін ...
Қоңыр тобы - Бесік жыры Қоңыр тобы орындаған Алтайдың халық әні "Бесік жыры". Сөзін жазған Тұрсынжан Шапай. Коныр тобы. Бесик жыры.