Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Марат Ильясов - Марат Ильясов андерiнен попурри | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру

МАРАТ ИЛЬЯСОВ ӘНДЕРІНЕН ПОПУРРИ
Сөзін жазғандар: Қ. Қазыбеков
Ж. Боранбаев
М. Шаханов
С. Тұрғынбеков
Махаббатым нәр бердің,
Жүрегіме, жаныма.
Ғұмырыма гүл ектің,
Арманыма, жолыма.
Қайырмасы:
Жан шуағым, мерекем,
Іздегенім сен екен.
Өзіңменен шаттанып,
Кірер менің берекем.
Бүгінгі ел ішінде,
Дәстүрді жалғастырған,
Татулық белгісі ме?
Жағалай малдас құрған,
Қайырмасы:
Ей, менің асқар тауым!
Қазақы дастарханым.
Өзіңсің бақ-берекем,
Аққайнар бастауларым.
Алыстап кеттік расында,
Суынып кетті-ау сезім де,
Сен мені қарсы аласың ба,
Ауылыңа барған кезімде.
Қайырмасы:
Кеудемде ізгі ой қалдырған,
Жан едің, енді не деймін.
Шықпасаң шықпа алдымнан,
Мен саған өкпелемеймін.
Өмірімнің сәулелі
Бал күндері, сұлуым.
Неге сонша әуреге,
Салдың мені, сұлуым.
Қайырмасы:
Айналдым, сұлуым,
Жайдарлы, сұлуым.
Махаббат жылуы,
Мөп-мөлдір тұнығым,
Сұлуым-ай, сұлуым.
Шабыт алып жаныма,
Сүйіп едім, сұлуым.
Махаббаттың шоғына,
Күйіп едім, сұлуым.


Другие названия этого текста
  • Марат Ильясов - Марат Ильясов андерiнен попурри (0)
  • Минус - Марат Ильясов андерiнен попурри (0)
  • Марат Ильясов - Попурри (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
    Нет видео
    -