Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

казахская народная - Анашым | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру


Шет жүрсем - сағынарым,
Жабықсам - шағынарым
Анашым, бір өзіңсің
Табынарым

Анашым, шалқып күлсең
Алдымда ұзақ жүрсең
Жүрегім жыр толғайды
Көңілім ортаймайды
Анасы бар адамдар
Ешқашан қартаймайды

Ұшырған сұңқарыңмын
Қияға шырқарыңмың
Бәйгеге өзің қосқан
Тұлпарыңмын

Анашым, шалқып күлсең
Алдымда ұзақ жүрсең
Жүрегім жыр толғайды
Көңілім ортаймайды
Анасы бар адамдар
Ешқашан қартаймайды

Қорғаным - өзің деймін
Жан дауа - сөзің деймін
Анашым, сені ойласам
Көз ілмеймін...

Анашым, шалқып күлсең
Алдымда ұзақ жүрсең
Жүрегім жыр толғайды
Көңілім ортаймайды
Анасы бар адамдар
Ешқашан қартаймайды

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 7
Видео
  • Анашым - Жанар Анашым - Жанар
    Видеоролик мы снимали на Большом Алматинском Озере и в ущелье Алмарасан. Ғажайып бұл әлемде жаратылыс Бәріне күй шертеді ...