Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Anti (Rap-ak Otbasy) - Арманым | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру

Махаббат па білмедім, бірақ өзі тартымды
Алыстасын білемін, айта берем атыңды
Деміңді естимін, естімесе басқалар
Иә білем танымайсын, бұл – сынақ тау асқардай
Негізі ұнатамын, айтуға да мен қорқамын
Аспандай қолжетімсіз, бәлкім бұны мен ұтамын
Егер ол бас тартса ше? Не істеймін ойлаудамын
Расында білмеймін, қатты ойға батудамын
Дереу маған белгі берсе, артымнан жүк құлағандай
Еркін тұрып айта алмаспын, ұзын жырды жырлағандай
Нағыз әдемі мен үшін, сыпайы, сүйкімді
Болса да түсімде де, тіпті де ұйқымда
Елестейді әрине, барлық жерде шынымен
Келеді құшақтағым, қызым емессің әлі де
Орта жолда тоқтаймын да, бұл тректің ортасында
Ваттманға жазамын тек саған менен жеке сұрақ қызым боласың ба?

Арманымсың менің сен, менің сен
Ғашық болдым саған мен, саған мен
Ойымды айта алмаймын, айта алмаймын
Иә трекпен сөз айтайын, сөз айтайын

Сен арманым, мен мұндамын, бір қаларым, бір сұрағым
Боласың ба? Болмайсың ба? Қызым пәк болашақтағы
Бәрі болады жақсы бізде осы кезде – алтын күзден
Керіс сезім бізден безеді, болады бәрі – жұмақ лезде
Сөз беремін, ант етемін, ренжітпеуге тырысамын
Бір себебім – ұнатамын, бай боламыз ырыстармен
Болмайды ғой еш бұрыс та, күтем жауап тек дұрыс та
Мақсатым бар тек жүріске, жүрек жаулауға күресем
Бәлкім болар көп үлесім оны жақсы сен білесің
Көзін түсіріп күлесің, күннен-күнге бар пәк сезім
Түсінген шығар ойымды жауапты күтіп асықпын
Жасырмаймын, мен айтайын, мен енді шын ғашықпын

Арманымсың менің сен, менің сен
Ғашық болдым саған мен, саған мен
Ойымды айта алмаймын, айта алмаймын
Иә трекпен сөз айтайын, сөз айтайын

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-